«Видеосын желіге салған»: Мешітте 20 жастағы жігітті 50 рет пышақтап кетті

/
«Видеосын желіге салған»: Мешітте 20 жастағы жігітті 50 рет пышақтап кетті
istockphoto.com

25 сәуір күні таңертең Францияның оңтүстігіндегі Ла Гран-Комб ауылдың мешітінде 20 жастағы Мали елінің азаматы пышақ жарақатынан қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz.

Қылмыскер бірнеше рет пышақ сұғып, оқиға орнынан қашып кеткен. Ол әлі де іздестріліп жатыр.

AFP дереккөзінше, аталған оқиғаға қатысты «қасақана кісі өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Гар және көршілес Эро аймақтарында күдіктіні іздестіру жұмыс жүргізілуде.  Тергеушілер нәсілшілдік пен исламофобияға негізделген кісі өлтіруді қарастырып жатқанын мәлім етті.

Прокурордың айтуынша, мешіттегі бейнебақылау кадрларында қылмыскер жәбірленушіге 40-тан 50-ге дейін пышақ жарақатын салғанын көруге болады.

Сондай-ақ күдікті қиналып жатқан жәбірленушіні  видео түсіріп, желіге жүктеген. Кейін оны желіден өшіріп тастаған. Бейнежазбада ол істеген ісі үшін өзін құттықтап, Құдайға қатысты жағымсыз сөздер айтқан.

Ресми мәлімет бойынша, күдікті 2004 жылы Лионда босниялық отбасында дүниеге келген. Француз азаматтығы бар. Оның отбасының бір бөлігі Гар өңірінде тұрады. Жұмыссыз, сотталмаған.

Франция президенті Эммануэль Макрон өлтірілген адамның жақындарына және исламды ұстанатын барлық француздарға қолдау білдірді. «Діни негіздегі нәсілшілдік пен жеккөрушілік Францияда ешқашан болмайды. Діни сенім бостандығына қол сұғылмайды», - деп атап өтті президент Макрон.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары