Астанада екі жүк көлігі соқтығысып, отқа оранды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қалалық полиция депаратменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, жол апаты Пушкин көшесінде "КамАЗ" орталығына жақын жерде болған.
"Mercedes" маркалы жүк көлігі қарсы жолаққа шығып кетіп, "Sinotruk" көлігімен соқтығысқан. Салдарынан екі көлік те отқа оранды.
"Өрт сөндіру кезінде "Mercedes" салонында жүргізушінің мәйіті табылды. Ол оқиға орнында көз жұмды. Екінші жүргізуші көліктен шығып үлгерген", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шарлары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.