Ұлытау облысында ішімдікті үйінде дайындап, қала тұрғындарына сатқан адам сотталды

/
Ұлытау облысында ішімдікті үйінде дайындап, қала тұрғындарына сатқан адам сотталды
istockphoto.com

Ұлытау облысының прокуратурасы алкоголь және темекі өнімдерін заңсыз сату дерегін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сәтбаев қаласының тұрғыны үйінде алкогольді дайындайтын цех ұйымдастырып, әрі қарай қала тұрғындарына сатқан. 

Тінту барысында одан бір тоннаға жуық, құрамында спирт бар тағамдық өнімдер дайындайтын құралдар және бірнеше акцизсіз темекі өнімдері табылды.

Тергеу барысында күдікті кінәсін толығымен мойындады.

Сәтбаев қалалық соты оған 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары