Астанада құрылыс фирмасы банкротқа ұшырады

Астанада құрылыс фирмасы банкротқа ұшырады

Астанада құрылыс фирмасы банкротқа ұшырады
ашық дереккөзі
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Индустрия жилья-НС» ЖШС-нің арызы бойынша азаматтық іс қаралды, деп хабарлайды қалалық соттың баспасөз қызметі. ЖШС-тің негізгі қызметі -тұрғын үй ғимараттарының құрылысын салу. Сотта борышкердің 2 миллион теңгеден аса салық қарызы бар екені анықталды. Салық заңнамасына сәйкес салық қарызын өндіру мақсатында «Астана қаласы Алматы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ, мәжбүрлеп өндірудің тәсілдері мен шараларын қолданды, алайда ол нәтиже бермеді. Компания төлеуге қабілетсіз болды және тіркеу мекенжайы бойынша табылмады. Сот шешімімен  «Индустрия жилья-НС» ЖШС-нің банкрот деп тану туралы арызы қанағаттандырылды. Шешім дереу орындалуға жатады.