Түркиялық сейсмолог Ахмет Эрджан Ыстанбұлда алдағы уақытта кешегіден де жойқын жер сілкінісі болуы мүмкін деп дабыл қағуда, деп хабарлайды turkystan.kz МИР арнасына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, магнитудасы 7–7,2 болатын жер сілкінісі 2045-2075 жылдар арасында болуы мүмкін.
«Зілзала ошағы кешегі жерде болады, 13 км тереңдікте. Ал бірақ жер дүмпуі 22 есе қуаттырақ болуы мүмкін», – дейді маман.
Айта кетейік, кеше Ыстанбұлда 6,2 ұпайлық жер сілкінісі болды. Кейін белгілі болғандай, бір сағатта 6 рет жер сілкінген. Олардың магнитудалары – 3,9, 6,2, 4,4, 4,8, 4,5 және 4,9.
Алып шаһарда үлкен дүрбелең туғызған жер дүмпуі салдарынан интернет желісі нашарлап, мобильді телефон жүйесі істен шықты.