Бүгін Ыстанбұл маңында магнитудасы 6,2 баллдық зілзала болды. Осыған орай Қазақстан елшілігі отндастарына үндеу жасады, деп хабарлады turkystan.kz.
«Түркияда 6,2 баллдық жер сілкінісі орын алып, артынан афтершоктар жалғасуда. Қазіргі уақытта Түркия аумағындағы Қазақстан азаматтарынан Ыстанбұл қаласындағы ҚР Бас консулдығына өтініштер түскен жоқ. ҚР Сыртқы істер министрлігі Түркия билігімен және Қазақстанның Түркиядағы дипломатиялық өкілдіктерімен бірлесіп ахуалдың дамуын қадағалауда. Ыстанбұл қаласындағы ҚР Бас консулдығының консулдық есебінде 1137 Қазақстан азаматы тіркелген. Отандастарымызды сабырлық және қауіпсіздік шараларын сақтауға, сондай-ақ жергілікті билік органдарының нұсқауларын мүлтіксіз орындауға шақырамыз», – делінген үндеуде.