Алматыда жолаушы темекі шекпеуін өтінген такси жүргізушісіне қол көтерген

/
Алматыда жолаушы темекі шекпеуін өтінген такси жүргізушісіне қол көтерген

Алматыда жолаушы такси жүргізушісіне шабуыл жасаған, оқиға видеоға түсіп қалған , деп хабарлады turkystan.kz  Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматылық Влад Кравчук Instagram-да оқиғаның видеосын жариялады. Оның айтуынша, такси жүргізушісі болып жұмыс істеп, үш жолаушыны тасымалдаған. Жолда олардың бірі көлік салонында темекі шеккен.

Жүргізуші одан темекі шекпеуін өтінген, оған жолаушы дөрекі жауап қатқан, тіпті такси жүргізушісіне балағат сөздер айтып, ұрған.

Шабуылдан кейін жүргізуші сапарды жалғастырудан бас тартып, жолаушылардан көліктен шығуды талап еткен. Алайда олар шығуға асықпай, есесіне такси жүргізушісін балағаттай берген. Жүргізуші көліктегі жағдайды аудиоға басып ала бастағаннан кейін ғана жағдай өзгерген.

Такси жүргізушісі полицияға арыз жазған. Алматы ПД баспасөз қызметі мәліметінше, Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғаған.

"Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бұдан бөлек тергеу жүргізіліп жатыр", - деді Алматы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Бөлісу: