Каспий теңізіндегі аралда экспедиция жүргізіп жатқан ресейлік ғалым жоғалып кетті

/
Каспий теңізіндегі аралда экспедиция жүргізіп жатқан ресейлік ғалым жоғалып кетті
Сурет: www.gov.kz

Ресей Федерациясының Астрахань облысындағы Ресей Географиялық қоғамының (РГО) бөлімшесін басқаратын Петр Бухарицин Каспий теңізінің солтүстігіндегі иесіз Укатный аралында жүргізіліп жатқан экспедиция кезінде жоғалып кетті, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы «Известия» басылымы жазған. Ақпаратты Калмыкия Республикасы мен Ресейдің Астрахань облысы бойынша Федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФҚҚ) Шекара басқармасы растады.

«Ведомство қызметкерлері Каспий флотилиясы ұйымдастырған іздестіру шараларына қатысуда. Іздеуге шекаралық кеме мен екі қайық жұмылдырылды», – деді басқарманың ресми өкілі Ольга Никешина.

Бухарицин Укатный аралында Каспий теңізінің солтүстік жағалауын картографиялауға арналған экспедицияны басқарған. Ғалымның жасы – 76-да.

 

Бөлісу: