сенбі, 19 сәуір, 2025

"Біз жалғыз емеспіз": Ғарыштан тіршілік белгілері табылды

/
сурет: istockphoto.com

Халықаралық астрономдар тобы K2-18b атты экзожерде тіршіліктің мүмкін белгілерін анықтады. Жерден 120 жарық жылы қашықтықта орналасқан бұл ғаламшарда тек тірі ағзалар ғана өндіре алатын молекулалар табылған. Бұл туралы Reuters жазды.

Ең таңғаларлығы – бұл молекулалардың шоғырлануы Жермен салыстырғанда мың есе көп. Ғалымдардың айтуынша, бұл мәлімет қате болуының ықтималдығы небәрі 0,3 пайыз ғана. Демек, бұл – тіршілік бар екенін дәлелдейтін белгілердің бірі.

K2-18b — өзінің жұлдызынан дәл өмір сүруге қолайлы қашықтықта орналасқан, яғни тікелей «тіршілік белдеуінде» жатқан планета. Оның атмосферасы мен химиялық құрамына зерттеушілер бұрыннан қызығушылық танытып келеді. Алайда соңғы деректер – экзожерде тіршілік болуы мүмкін екенін білдіретін ең маңызды дәлелдердің бірі.

Егер бұл жаңалық расталса, адамзат тарихта алғаш рет өз ғаламымыздан тыс өмір бар екенін нақты дәлелмен анықтамақ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары