Премьер-министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Жамбыл облысында болып, «KORCEM» ЖШС цемент зауытында өңірдің құрылыс индустриясының дамуымен танысты.
Өткен жылы іске қосылған кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 1,3 млн тонна цементті құрайды. Өнімдер ішкі нарықта сатылады, сонымен қатар Өзбекстан, Ресей және Қырғызстанға экспортталады. «KORCEM» ЖШС бас директорының орынбасары Станислав Щербаков қалдықтар мен шаң жинау құрылғылардың жоғары сүзу жүйелерін қамтитын озық технологияларды өндірісте қолдану туралы хабардар етті. Зауытта халықаралық стандарттарға сәйкес DCS интеллектуалды жүйесі енгізілді. Барлық технологиялық цикл механикалық үдерістерді басқаруға мүмкіндік беретін орталық басқару пультінен жүзеге асырылады.
Премьер-министр Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне қазақстандық нарықты отандық цементпен қамтамасыз ету және экспорттық нарықтарды кеңейту ісінде зауытқа жәрдемдесуді тапсырды.
«Жалпы өндіріс қуаты – жылына 1,5 млн тонна цемент. Бүгінгі таңда 50 млрд теңге игерілді. Осы жылдың бірінші, екінші тоқсандарында 260 жұмыс орны ашылды. Жыл соңына дейін Қордай ауданының тұрғындарына арналған 280 жұмыс орны ашылады», — деді «KORCEM» ЖШС бас директорының көмекшісі Тимур Кузубаев.