Өзбекстан астанасы Ташкентте спорттық және жауынгерлік самбодан ересектер, жастар, жасөспірімдер арасында Азия және Тынық мұхит чемпионаты өтіп жатыр.
Қазақстан самбо федерациясының мәліметінше, екі күннің қорытындысы бойынша қазақстандықтар 8 алтын, 5 күміс, 13 қола медальға ие болды.
Атап айтқанда, спорттық самбодан ерлер арасында Жандос Бейсенбаев (64 кг), Арнұр Қуатай (71 кг), әйелдерден Айман Ибрагимова (50 кг), Мәдина Ержан (80 кг) алтыннан алқа тақты. Жауынгерлік самбодан Бақытжан Дүйсембеков (79 кг), Мәди Райхан (98 кг), Жадыра Пайыз (50 кг), әлем чемпионы Нұрила Асанқызы (+80 кг) үздік шықты.