14 сәуір күні Семейде Дулатов көшесіндегі теміржол өткелінде жүк пойызы әйелді басып кетті, деп хабарлады turkystan.kz.
Abainewskz тelegram арнасы өткелде пойыздың өтуін күтіп тұрған көліктің бақылау камерасынан түсірілген видеоны жариялады.
Кадрларға қарағанда, әйел асығыстық танытып, вагондардың астымен жүріп өткен, бірақ сол сәтте пойыз қозғала бастап, әйелді басып өткен.
Оқиға куәгерлері жәбірленушіні дереу дөңгелектердің астынан шығарып алғанымен, әйел алған жарақатынан көз жұмды.
Көліктегі полиция департаменті абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған теміржол қауіпсіздігі ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.