сейсенбі, 15 сәуір, 2025

«Скринингтен өтіңіз»: Қазақстанда алаяқтықтың жаңа схемасы пайда болды

/
istockphoto.com

Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарды алаяқтардан сақ болуға шақырады, деп хабарлады turkystan.kz.

Елімізде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды. Әлеуметтік желі қолданушылары белгісіз нөмірлерден қоңырау түсіп, емханаға скринингтен өтуге шақырып, SMS арқылы келген хабарламаны растауды сұрағанын жазуда.

Денсаулық сақтау министрлігі бұл жағдайға қатысты келесідей түсініктеме берді:

«Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарды скринингтік тексерулерге шақыру сылтауымен жасалатын алаяқтық әрекеттер туралы ескертеді. Алаяқтар медициналық ұйымдардың атынан хабарласып, скринингке жазылуды растау үшін SMS-кодты айтуыңызды сұрайды. Мемлекеттік медициналық мекемелер скринингке шақырған жағдайда, сізден ешқашан SMS-кодты растауды талап етпейді. Алаяқтарға алданбаңыздар», – делінген хабарламада.

Бөлісу: