сейсенбі, 15 сәуір, 2025

Ертіс өзенінде ер адам суға батып кетті

/
istockphoto.com

Павлодар облысы Тереңкөл ауданы аумағында Ертіс өзеніне ер адам суға батып кетті, деп хабарлады turkystan.kz.

Белгілі болғандай, 12 сәуір күні түнде демалушылардың бірі жағаға байланған баржадан суға секіріп, кейін су бетіне шықпаған.

Алдын-ала мәліметтер бойынша, бір топ азаматтар әлгі жерде балық аулап, ішімдік ішкен.

«Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің күштері жедел түрде шықты. Жеке құрамның 4 адамы, 1 техника және 1 жүзу құралы жұмылдырылды», – деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Іздеу шаралары жалғасуда. Өзен акваториясы мен жағалау аймағына тексеру жүргізіліп жатыр.

Бөлісу: