жексенбі, 13 сәуір, 2025

«Эх, Жаһан, мынадай қыздан айырылып»: Балжан Бидаш бейтаныс жігітпен көзге түсті

/
Видеодан скриншот

Танымал әнші Балжан Бидаш бейтаныс жігітпен көзге түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Видеода бейтаныс ер адам Балжан Бидаштың қолынан ұстап, өзіне арнаған әнін шырқайды.

Балжан Бидаш әріптесінің әніне таңғалып, қуанып тұрғанын жасырған жоқ. Ал желі қолданушылары екеуін жұп етіп, бір-біріне әдемі жарасатындарын жарыса жазып жатыр.

«От болып тұрсыздар. Керемет жұп болар едіңіздер. Бақытты болыңыздар», «Екеуі жарасымды, бақытты болса екен», «Балжан, жаным, бақытты болшы», «Эх, Жаһан. Мынандай қыздан айырылып», «Маған солай көрінді ме? Әлде жігіт ғашық болып тұр ма?» - деп жазды желі қолданушылары.

Бөлісу: