сейсенбі, 15 сәуір, 2025

Қазақстандық кәсіпкер футболшы Роналдиньоға шапан жапты

/

Кәсіпкер Дінмұхамед Сыздықов атақты бразилиялық футболшы Роналдиньоның иығына шапан жапты.

Ол әйгілі футболшымен көптен бері кездесуді армандап жүргенін айтты.

«Барселона» командасына 20 жылдан бері жанкүйер болып келемін. Оған сүйікті футболшым Роналдиньо себеп болды. Көп жылдан бері онымен танысуды армандап жүрдім. Бірақ оған шапан сыйлауды қиялдап та көрмеппін. 77 млн оқырманы бар Роналдиньо Instagram бойынша әлемдегі ең танымал ТОП-10 футболшының қатарына кіреді», – деп жазды Дінмұхамед Сыздықов.

Бөлісу: