бейсенбі, 17 сәуір, 2025

WhatsApp арқылы судьяны балағаттаған азаматқа айыппұл салынды

/
pixabay.com

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Жоғарғы Соттың ұйғарымы бойынша сот бақылауы шеңберінде Л.-ға сот отырысына келу туралы хабарлама жолдаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Хабарламаны алғаннан кейін Л. сот әкімшісі басшысының міндетін атқарушы мен сот отырысы хатшысының WhatsApp-на сот пен судьяны құрметтемеу туралы куәландыратын дауыстық хабарламалар жіберген.

Осы факті бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған. Сотта Л. өзінің жеке пікірін білдіргенін түсіндіріп, кінәсін мойындамаған.

Сот ӘҚБтК 653-бабының 1-бөлігі бойынша Л.-ны кінәлі деп танып, оған 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жазаны тағайындады. Сондай-ақ сот пен заңды құрметтемегені үшін 78 мың теңгеден астам айыппұл салынды.

Бөлісу: