бейсенбі, 10 сәуір, 2025

Алматыда ер адам биіктіктен құлап, ауруханаға түсті

/

Оқиға Алмалы ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде болған.

Әлеуметтік желідегі ақпарат бойынша ер адам әйелімен жанжалдасып, үшінші қабаттағы терезеден секіріп кеткен.

Полиция қазір тергеу жүргізіп жатыр.

«Аталған факті бойынша Алмалы ауданының Полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр. Ер адамның үшінші қабаттағы терезеден секіріп кетуінің мән-жайы анықталуда», - деді полицияның баспасөз қызметі.

Қазір ер адам қаладағы ауруханалардың бірінде ем алып жатыр.

Бөлісу: