бейсенбі, 10 сәуір, 2025

Өскеменнің бұрынғы әкімі жаңа қызметке тағайындалды

/
gov.kz

Өскемен қаласының  экс-әкімі Жақсылық Омар Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.

Бүгін Жақсылық Омарды өзімнің бірінші орынбасарым етіп тағайындадым. Жақсылық Мұқашұлының мемлекеттік қызметте үлкен тәжірибесі бар. Ол 6 жыл бойы облыс орталығының әкімі болды.

Оған өңірдің барлық мәселесі мен тұрғынының мұң-мұқтажы жақсы таныс. Оның жаңа әрі жауапты қызметке білімін, күш-жігерін барынша жұмсайтынына сенімдімін, - деп жазды ШҚО әкімі.

Бөлісу: