бейсенбі, 10 сәуір, 2025

230 млн теңге жымқырған алаяқ Қырғыз Республикасынан экстрадицияланды

/
pixabay.com

Күдікті 2023 жылдың маусымында басқа адамдармен келісіп, Алматы қаласындағы банктердің біріне клиенттердің атынан олардың банктік шоттарына тіркелген абоненттік нөмірлерін өзгерту туралы хабарламалар жіберіп, банк шоттарына қол жеткізген.  

Осыдан кейін күдікті қашықтан қол жеткізу арқылы 5 жәбірленушінің шотынан «дропперлердің» банктік шоттарына ақша аударып, олардың қаражатын иемденген.

Оның қылмыстық әрекеттерінің салдарынан жәбірленушілерге 230 миллион теңгеден астам шығын келтірілген.

Ол Бішкек әуежайында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.

Қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бөлісу: