Алматы облысының Киберқылмыспен күрес басқармасы telegram мессенджері арқылы темекі өнімдері мен электронды тұтыну заттарын заңсыз сатқан азаматты тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Мониторинг жүргізу барысында құқық қорғау органдары тыйым салынған өнімдерді заңсыз сатумен айналысқан Қонаев қаласының 33 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.
Аталған факті бойынша облыс орталығының полициясында қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта заңсыз әрекеттің барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, тыйым салынған темекі өнімдерін сату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.