бейсенбі, 10 сәуір, 2025

Қарағандыда картоп сатып, салық төлемеген шаруаларға шара қолданылды

/

Прокуратура табысын жасырып, салық төлеуден жалтарған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

14 шаруа қаржылық есептілігін дұрыс көрсетпеген. Нәтижесінде картопты кейіннен сату кезінде шекті сауда үстемесі қолданылмаған.

Мемлекеттік кірістер органдары аталған тұлғаларға қатысты камералдық бақылау жүргізді.

Бүгінгі күні 4 өндіруші қосымша салық есебін тапсырып, 1,6 млрд теңге көлемінде қосымша табыс көрсетіп, 8,8 млн теңгеден астам сомада салық төледі және келешекте картопты қаржылық есепте көрсетіп сатуға міндеттелді.

Қалған өндірушілер бойынша Мемлекеттік кірістер комитеті бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар дайындауда, орындалмаған жағдайда тексеру шаралары жүргізіледі.

 

Бөлісу: