бейсенбі, 3 сәуір, 2025

АҚШ-та дауыл салдарынан бес адам қаза тапты

/

АҚШ-та қолайсыз ауа райы салдарынан бес адам көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz.

«Күшті желдің екпіні мен ірі бұршақ жаууына байланысты 400-ден астам ескерту жаслаған. Сонымен қатар, бірнеше штатта кемінде алты торнадо тіркелді. Дауылдың салдарынан бес адам қаза тапты», – делінген ABC News басылымы таратқан хабарламада.

Қаза тапқандардың үшеуі – Мичиган штатында ауа райының қолайсыздығы салдарынан болған жол апатында көз жұмған балалар екені нақтыланды.

«Дүйсенбі күні таңертең Атланта аймағына қауіпті дауылдар сериясы соққы берді, енді қауіп солтүстіктегі аудандарға қарай ауысуда. Қазіргі уақытта Флорида, Джорджия, Оңтүстік Каролина және Солтүстік Каролина штаттарында қатты найзағай туралы ескерту жарияланған. Жекелеген торнадолар, жойқын жел екпіні және ірі бұршақ жаууы мүмкін", – деп ескертеді ABC News.

Бөлісу: