сәрсенбі, 2 сәуір, 2025

«Батасын алдым»: Белгілі актер «Шаншар» театрынан кетті

/

Актер Нұржан Құлшынбаев 28 жыл қызмет еткен «Шаншар» театрынан кеткен. Бұл туралы ол Ońtústik телеарнасына берген сұқбатында мәлім етті.

Театр басшысы Уәлибек Әбдірайымов актердің бұл шешіміне қолдап, батасын берген.

«Ағамызбен келісіп, ақылын тыңдап, батасын алдым. Бірге тумақ болса да, бірге жүрмек жоқ дейді ғой. Ағамыз өзіннің еншіңді берейін, тетарыңды ашасың ба, басқа салаға кетесің бе өзің біл, бірақ батамды берейін деді. Сол кісінің рұқсатымен, батасын алып шықтық. Арасында ақыл сұрап тұрамыз, кем-кетігімізді түзеп тұрады. Жалпы айтқанда тығыз байланыстамыз. Шаншардан кеткеніммен жүрегім сол жақта. Дегенмен өз тетарымызға қызмет етеміз», - дейді ол.

Ол «Шаншар» театрынан еншісін алған актер «Нұржан Құлшынбаев театры» деп аталатын театр ашқан. Өнер иесінің айтуынша, театрда 8 әртіс жұмыс істейді. Олардың барлығы әзіл-сықақ және сатира театрларының әртістері.

Бөлісу: