сәрсенбі, 2 сәуір, 2025

Қазақстан мен Словения президенті бірқатар құжатқа қол қойды

/
Akorda

Келіссөздер қорытындысы бойынша президенттер Бірлескен мәлімдеме қабылдады.

Қазақстан мен Словения президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.

Келіссөздер қорытындысы бойынша президенттер Бірлескен мәлімдеме қабылдады.

Ресми делегация мүшелері төмендегідей құжаттарға қол қойды:

1. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Словения Республикасы Жоғары білім, ғылым және инновация министрлігі арасындағы білім және ғылым саласы бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;

2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Словения Республикасы Экономика, туризм және спорт министрлігі арасындағы туризм саласы бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

3. Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Словенияның Сауда-өнеркәсіп палатасы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

Бөлісу: