Құтқарушылар жағалаудағы аумақты мұқият тексеріп, табиғатқа зиян келтірмеу мақсатында қажетті шаралар қабылдаған
Ұлытау облысында Кеңгір су қоймасынан тағы 70-ке жуық киіктің өлексесі табылды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Ұлытау облысындағы Кеңгір су қоймасының Водосброс және "Спутник" саяжайы маңында киік өлекселері жиналды.
Ведомствоның мәліметінше, құтқарушылар жағалаудағы аумақты мұқият тексеріп, табиғатқа зиян келтірмеу мақсатында қажетті шаралар қабылдаған.
"67 өлексе табылып, РГКП "Охотзоопром" қызметкерлеріне тапсырылды. Іс-шаралар экологиялық ахуалды тұрақты бақылауда ұстау және жануарлар дүниесін қорғау мақсатында жалғасады", – дейді ведомстводан.