Маңғыстау облысында алаяқтар екі тұрғынның шотынан 48 млн теңге жымқырған.
Маңғыстау облысы полиция департаменті интернет желісі арқылы жасалған 2 ауыр санаттағы алаяқтық дерегін анықтады. ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігіне сәйкес тіркелген қылмыстық істер бойынша келесі жайттар анықталды.
Д. есімді азаматтың депозиттік шотынан 28 млн 430 мың теңге белгісіз тұлғаларға заңсыз аударылған. Астана қаласына қызметтік іс-сапар кезінде үш күдікті ұсталды: екеуі — Ақтау қаласының, біреуі — Қарағанды облысының тұрғыны. Тергеу барысында олардың есеп шоттарына жәбірленушінің ақшасы түскені анықталды.
Қылмысты ұйымдастырған Ақтау қаласының тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
А. есімді азаматтың есеп шотынан 20 млн теңге белгісіз тұлғалармен иемденілген. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Өскемен қаласының екі тұрғыны күдікті ретінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі таңда аталған деректер бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.