Алматы облысында бірқатар автожол 1 айға жабылады

/
Алматы облысында бірқатар автожол 1 айға жабылады
istockphoto.com
Жол-метеорологиялық жағдайлардың нашарлауына және қар көшкінінің түсу қаупіне байланысты облыстық маңызы бар автожолдар жабылады.

Алматы облысында облыстық маңызы бар автожолдар көліктің барлық түрі үшін 1 айға жабылады.

«Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 2025 жылғы 1 сәуір мен 30 сәуір аралығында жол-метеорологиялық жағдайлардың нашарлауына және қар көшкінінің түсу қаупіне байланысты келесі облыстық маңызы бар автожолдарда автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылатынын хабарлайды:

КВ-45 «Талғар-Спутник» – 6 км учаскесінде:

КВ-64 «Түрген-Обсерватория» – 12 км учаскесінде:

Р-17 «Алматы-Талғар-Евгеньевка» – Есік көліне кіреберіс – 7 км учаскесінде:

Өңір тұрғындары мен қонақтарынан сапарларды жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді, сақтық шараларын сақтауды және баламалы маршруттарды пайдалануды сұраймыз», - делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары