дүйсенбі, 31 наурыз, 2025

Маңғыстауда жоғалып кеткен ер адам 10 күннен бері табылмай жатыр

/
Lider.kz еріктілер қозғалысы
Ол Ақтау қаласына бармақ болып, жолдан көлікке отырған.

Мазмұны

    33 жастағы ақтаулық Ерлан Есмағамбетов осыдан 10 күн бұрын «Кендірлі» демалыс базасы аумағында жоғалып кеткен. 

    Ол Ақтау қаласына бармақ болып, жолдан көлікке отырған. Бірақ, көп ұзамай қайта түсіп қалыпты. Содан бері хабар-ошарсыз. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Жаңаөзен қаласы мен Кендірлі демалыс базасы аумағында бірнеше күннен бері іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

    «Қазіргі уақытта іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда. Облыстық төтенше жағдайлар қызметі, жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Тікұшақпен іздеп жатырмыз. Дрондар, арнайы техника мен жабдықтар қолданылуда», — делінген хабарламада. 

    Жоғалған азаматты іздеуге волонтерлар да кіріскен. Алайда әзірге нәтиже жоқ. Сондықтан олар жол талғамайтын көлігі бар еріктелерді көмекке шақыруда.

    «Із-түссіз жоғалған тұрғынды табу үшін Кендерлі-Жаңаөзен бағытына шыға алатын көліктер қажет. Дроны бар адамдар да көмекке келсе жақсы болар еді. Қазір кез-келген көмек маңызды», — дейді волонтерлар. 

    Бөлісу: