сейсенбі, 1 сәуір, 2025

Назым Қызайбай бизнеске бет бұрды

/
видеодан алынған скрин
Бұл жайында ол әлеуметтік желіде байқатып қалды.

Мазмұны

    Он күн бұрын бокстан үшінші мәрте әлем чемпионы атанған Назым Қызайбай жеке кәсібін жарнамалады, деп хабарлады turkystan.kz.

    Боксшы Жетіген қаласында орналасқан тез тамақтануға арналған дүңгіршектің алдында тұрып, ауқаттанған.

    «Енді бір газдалған сусын болса... Жетігендегі мына (дүңгіршектің атауын айтты) жерге келіңіздер. Бүгін сағат 18:00-де арнайы сіздер үшін сіңіліммен бірге донер секілді тағамдар дайындаймыз. Келіп дәм татыңыздар», - деді Назым Қызайбай

    Сондай-ақ ол әлем чемпионатынан кейін немен шұғылданғаны жайында да айтып өткен.

    «Жақындарыммен уақыт өткіздім. Енді қайтадан дайындыққа кірісемін», - деді ол.

    Бөлісу: