сәрсенбі, 2 сәуір, 2025

Туберкулезбен сырқаттанушылар саны азайып келеді

/
gemotest.ru/
Жыл сайын 24 наурызда әлем туберкулезге қарсы күресте бірігеді.

ДДҰ мәліметтері бойынша жыл сайын 10 миллионға жуық адам туберкулезбен ауырады, деп хабарлады turkystan.kz.

Туберкулезден болатын өлім шамамен 1,5 миллион адамды құрайды.

Қазақстанда туберкулезбен сырқаттанушылар қатары азайып келеді. Бұл ауруды диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерін енгізудің арқасында мүмкін болып отыр.

Ауру мен өлім динамикасы:

Кейінгі 6 жылда сырқаттанушылық көрсеткіші 27%-ға, туберкулезден болатын өлім көрсеткіші 50%-ға төмендеген.

2024 жылы 2023 жылмен салыстырғанда сырқаттану көрсеткіші 4%-ға, ал өлім көрсеткіші 16,7%-ға азайған.

Бөлісу: