Ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен «Елорда Құрылыс Компаниясы» ЖШС бөлім басшысы Б.Қ. Базарбекке қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол Астана қаласында көппәтерлі тұрғын үй кешенін салу шарты бойынша аванс төлегені және сметаны ұлғайтқаны үшін «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС басшылығы үшін мердігерлік ұйым директорын 103 млн теңге сомасында пара беруге итермелегені және алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
Базарбек 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.