дүйсенбі, 31 наурыз, 2025

Назым Қызайбай үш дүркін әлем чемпионы атанды

/
instagram.com/qaz_team_official
Финалда отандасымыз ресейлік Юлия Чумгалаковамен кездесіп, тартысты жекпе-жек өткізді

Мазмұны

    Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, қазақстандық боксшы Назым Қызайбай үшінші мәрте әлем чемпионы атанды.

    Финалда отандасымыз ресейлік Юлия Чумгалаковамен кездесіп, тартысты жекпе-жек өткізді.

    Төрешілердің шешімі бойынша алғашқы раунд толықтай қазақстандық боксшының пайдасына шешілді, ал екінші раундта Назым өз басымдығын одан әрі арттырды.

    Жекпе-жектің соңғы бөлігінде қазақстандық боксшы кездесуді сенімді түрде жеңіспен аяқтады. Нәтижесінде төрешілер 5:0 есебін тіркеді.

    Осылайша Назым Қызайбай әлемнің үш дүркін чемпионы атанып отыр. Бұған дейін ол 2014 жылы (Жежу) және 2016 жылы (Астана) осы жетістікке жеткен болатын.

    Бөлісу: