сәрсенбі, 2 сәуір, 2025

«Наурызнама» онкүндігі: Шымкентте қандай іс-шаралар ұйымдастырылады?

/
istockphoto.com
Биыл Шымкентте Наурыз мейрамын кең көлемде атап өту жоспарланған.

Ұлыстың ұлы күнін қайта жаңғырту, төл мерекемізді тойлаудың дәстүрін қалыптастыру мақсатында 14-23 наурыз аралығында «Наурызнама» онкүндігі өтеді. Биыл Шымкентте Наурыз мейрамын кең көлемде атап өту жоспарланған. 

Әкімдік мерекелік бағдарламалардың тізімін ұсынды: 

14 наурыз – Көрісу күні.

Астана алаңы, 11:00-13:00 – мәдениет саласының өкілдерімен көрісу жоралғысы өтеді. Ордабасы ауданы, «Шәмші» аллеясы, 11:00-15:00 – Түркістан облысы мен Шымкент қаласының зиялы қауым өкілдерінің көрісу жоралғысы өтеді.

15 наурыз – Қайырымдылық күні Қала аумағында – «Мейірім жүректен» акциясы, баспана кілттерін табыстау, жәрмеңкелер. Балалар үйлері – мерекелік концерттер мен цирк қойылымдары ұйымдастырылады.

16 наурыз – Шаңырақ күні.

Қошқар ата өзені бойы, 11:00 – «Қошқар ата сейілі», ұлттық көрмелер мен спорттық жарыстар өткізіледі.

Арбат демалыс аймағы – «Бақытты жанұя» іс-шарасы

Перзентханалар – жаңа туған сәбилерге «Наурыз-базарлық» сыйлықтары табысталады.

17 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні.

Қаратау дәстүрлі өнер мектебі, 11:00 – Республикалық «Күміс қалам» жас ақындар мүшайрасы өтеді.

18 наурыз – Ұлттық киім күні.

Астана алаңы, 11:00 – ұлттық киім фестивалі, отандық дизайнерлер көрмесі өтеді.

19 наурыз – Жаңару күні.

Шым сити шағынауданы – «Таза өлке» және «Рахмет, Жер ана!» экологиялық акциясы өтеді.

Қала аумағы – 1000 түп ағаш көшеттерін отырғызу іс-шарасы ұйымдастырылады.

20 наурыз – Ұлттық спорт күні.

Қаладағы спорт алаңдары – ұлттық ойындар мен жарыстар.

21 наурыз – Ұлыстың ұлы күні

Астана алаңы мен қала аудандарында, 10:00 – мерекелік концерт, этноауыл, қолөнер көрмелері көпшілік назарына ұсынылады.

Астана алаңы, 19:00 – эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтеді.

22 наурыз – Жыл басы күні.

10:00 – «Бесікке салу» дәстүрі

14:00 – «Жарамазан Fest» республикалық байқауы

23 наурыз – Тазару күні.

Қала аумағы– сенбілік, аулалар мен көшелерді тазарту іс-шарасы.

Бөлісу: