Өскемен тұрғыны қала аумағында тыйым салынған заттарды сатумен айналысқан.
ШҚО-да полиция каннабис тобына жататын есірткі құралдарының ірі жеткізу арнасын ұйымдастырған Өскемен қаласының тұрғынын ұстады.
Ведомствоның ақпаратынша, аталған азамат қала аумағында тыйым салынған заттарды сатумен айналысқан. Тінту кезінде 20 келіден астам кептірілген марихуана тәркіленді, бұл бес мыңнан астам бір реттік дозаға тең.
Қазіргі уақытта қылмыстық әрекеттің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр. Полицейлер есірткі тарату арналары мен ықтимал сыбайластарды анықтау жұмыстарын жалғастыруда.