Шымбұлақта қар көшкіні демалушыларды басып қала жаздады (ВИДЕО)

Көшкін түскен жерге ТЖД, Республикалық жедел-құтқару жасағы, «Қазселденқорғау» және «Шымбұлақ» әкімшілігі барды.

Шымбұлақта қар көшкіні демалушыларды басып қала жаздады (ВИДЕО)
Сурет: istockphoto.com
198

ТЖМ-ның хабарлауынша, бүгін «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында үш шаңғышы өз бетімен сырғанау аймағынан шығып, қарлы беткейді кесіп өткен. Салдарынан қар көшкіні жүріп, тау етегіне шамамен 3,5 мың текше метр қар сырғып түскен, деп хабарлады turkystan.kz.

Оқиға куәгерлері көшкінді бейнекамераға түсіріп үлгірген. Онда бірнеше адамның тек соңғы сәтте ғана қашып үлгіргені көрінеді. Осыған байланысты екінші аспалы жол уақытша жабылды.

«Қазселденқорғау» мамандары бұған дейін сол тұсқа белгі мен қоршау қойған, алайда оны ешкім елемеген.

Қауіпсіздік ережесі бойынша жабдықталған шаңғы трассасының шекарасынан шығуға қатаң тыйым салынады. Қазір тәртіп бұзғандар іздестіріліп жатыр. Оқыс оқиғадан зардап шеккендер туралы мәлімет таратылмады.

Серіктес жаңалықтары