256
Алматы және Жетісу облыстарында жолдар жабылды
Бұл туралы ҚазАвтоЖол компаниясы хабарлады

Елдің екі өңірінде ауа райының нашарлауына байланысты автожол учаскелері жабылды.
“ҚазАвтоЖол” компаниясы Алматы және Жетісу облыстарында кейбір автожол учаскелерінің жабылғанын хабарлады:
• “Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы” тасжолының 124-254 шақырымы (Алматы облысының шекарасы – Талдықорған қаласы).
• “Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы” тасжолының 78-124 шақырымы (Қонаев қаласы – Жетісу облысының шекарасы).
Аталған жолдардың ашылуы 10 наурыз күні сағат 08:30-ға жоспарланған.