сейсенбі, 1 сәуір, 2025

Астанада полицейлер көпірден секірмек болған қызды құтқарды

/
istockphoto.com
16 жастағы қыз туыстарымен ұрсысып қалған

102 арнасына “Арқар” көпірінде бір қыздың тұрғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына дереу патрульдік полиция қызметкерлері жіберілген. Жағдайды полиция капитаны Дулат Идрисов пен полиция аға лейтенанты Жалғасбек Абдуалиев бақылауға алды.

Белгілі болғандай, 16 жастағы қыз туыстарымен ұрсысып, эмоциялық күйзеліс салдарынан көпірден секірмек болған.

Алайда тәртіп сақшыларының жедел әрі кәсіби әрекетінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болды.
Қыз ата-анасына тапсырылып, оған қажетті психологиялық көмек көрсетілді.

Бөлісу: