Құтқарушылар қамыс арасында қалып қойған аңшыны құтқарды

Ер адам қатты тоңып, аяқ-қолдары жансызданған

Құтқарушылар қамыс арасында қалып қойған аңшыны құтқарды
ТЖМ
329

Жамбыл облысындағы Әулиекөл көлінде қайықпен аң аулап жүрген ер адам қатты жел салдарынан қамыс арасына ығысып, өз бетінше жағаға шыға алмай қалған. Құтқарушыларға басқа аңшы көмек сұрап хабарласқан, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Арнайы сүңгуірлік киім киген құтқарушылар 1959 жылы туған азаматты аман-есен жағаға шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Ер адам қатты тоңып, аяқ-қолдары жансызданған, себебі желдің жылдамдығы 30 м/с-қа дейін күшейіп, көлде толқынның биіктігі 1-1,5 метрге жеткен.

Серіктес жаңалықтары