сәрсенбі, 2 сәуір, 2025

«Надандықтың шыңы»: Испанияда қазақстандық блогерді тапа-тал түсте тонап кетті (ВИДЕО)

/
видеодан алынған скрин
Қазақстан азаматы заттарынан айырылып қалған.

Автоблогер Ерғазы Әзімханұлы Еуропаға сапары кезінде қолайсыз жағдайға тап болды, деп жазды turkystan.kz.

«Масқара болды Мадридтің ұрлықшылары сумкамды алып кетті. Көз алдымызда, ресторан ішінде сөмкемізді жұлып алып кету надандықтың шыңы ғой. Масқара! Ішінде камера, петличка, зарядка, және ең керек киімдерім болып еді. Жалпы көп нәрсе бар. Ең бастысы, Алла сақтағандай, төлқұжатымды қалтама салып алғаным ең дұрыс шешім болған екен. Ол жоғалғанда мына жақтан мені шығармайтын еді. Және келесі жолы виза бере ме, бермей ме екі талай болар еді. Полиция шақырдым. Бірақ таныстарым олар мүлде көмектеспейтінін айтты.  Сол себепті Еуропаға бара жатқан таныстарың болса жіберіп қойыңдар осы видеоны. Сен қанша сақ болсаң да, олар сенен артық қолдары ұзын болады екен. Рахмет саған, Мадрид! Рахмет саған, Испания! Уақыттың бәрін осылар алды», деп жазды автоблогер әлеуметтік желіде.

Бөлісу: