Кәсіпкерді алдап кеткен алаяқ Германиядан Қазақстанға экстрадицияланды

Қазір ол тергеу изоляторына қамалды.

Кәсіпкерді алдап кеткен алаяқ Германиядан Қазақстанға экстрадицияланды
istockphoto.com
Автор
Админ
287

Күдікті 2023 жылдың қаңтарында екі сыбайласымен алдын-ала сөз байласу арқылы жалған компаниялар құрып, қазақстандық жұмсақ бидайдың ірі партиясын жеткізіп беремін деп кәсіпкерді алдап, жалпы сомасы 100 млн теңгеден астам қаражат алған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қылмыстық қудалау органдары күдіктілердің бірін ізін суытпай ұстады, ал қалған екеуі жасырынып, халықаралық іздеу жарияланған.

2024 жылдың қазанында іздеуде жүргендердің бірі Германияның Нюрнберг қаласында ұсталып, одан кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.

Қазір ол тергеу изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Серіктес жаңалықтары