сейсенбі, 1 сәуір, 2025

Астанада құны 100 млн теңге болатын кокаин тәркіленді

/
instagram
Жедел іс-шаралар нәтижесінде 600 грамнан астам кокаин, 130 грамнан астам каннабис шайыры, 30 грамнан астам каннабис майы тәркіленді.

Астанада есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері 24 жастағы ер адамды ұстады. Тінту барысында оның пәтерінен ірі көлемдегі есірткі мен оларды сатуға арналған құрал-жабдықтар табылды.

Жедел іс-шаралар нәтижесінде 600 грамнан астам кокаин, 130 грамнан астам каннабис шайыры, 30 грамнан астам каннабис майы тәркіленді.

Тәркіленген есірткілердің қара нарықта жалпы құны 100 миллион теңгеден асады. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ІІМ ел аумағында есірткі қылмысын анықтау және оның жолын кесу бойынша белсенді жұмысты жалғастырады.

Бөлісу: