сәрсенбі, 2 сәуір, 2025

Қазақстандық дәрігер ұшақ ішінде студент қызды аман алып қалды

/
сурет ашық дереккөзден алынды
Дәрігерлердің жедел және үйлестірілген әрекеттерінің арқасында қыздың жағдайы бірнеше минут ішінде айтарлықтай жақсарған.

Шымкенттен Астанаға ұшқан Fly Arystan әуекомпаниясының рейсінде 20 жастағы студент есінен танып қалып, оны педиатрия және балалар хирургиясы орталығының реаниматологы құтқарды, деп хабарлайды Liter.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, ұшақтағы бортсерік студент қыздың есінен танып қалғанын көріп бірден борттан дәрігерлер бар-жоғын білу үшін бірден жолаушыларға хабарлама жасаған. Бортсеріктің хабарламасын ести салысымен бірден білікті маман реаниматолог, "Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы" АҚ жаңа туған нәрестелерді анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің меңгерушісі Нұрсұлтан Құрбанбеков алғашқы көмек көрсетуге бел байлаған.

Науқасты тексеру кезінде қан қысымы төмен екенін анықталып, жағдайы ауыр деп бағаланған. Дәрігерлердің жедел және үйлестірілген әрекеттерінің арқасында қыздың жағдайы бірнеше минут ішінде айтарлықтай жақсарған.

«Анамнезде қандағы гемоглобин деңгейі небәрі 61 екендігі анықталды және қыздың айтуынша, ол бұған дейін емделмеген, бұл есін жоғалтудың себептерінің бірі болуы мүмкін. Осыған байланысты дәрігерлер осындай жағдайларға әкелуі мүмкін ауруларды одан әрі тексеру және болдырмау үшін мамандардан кеңес алу ұсынылды», – деді Денсаулық сақтау министрлігі.

Бөлісу: