Наурызда мерекелерге орай қосымша әуе рейстері іске қосылады

2025 жылғы 16-30 наурыз аралығында қосымша 120 әуе рейсі іске қосылады.

Наурызда мерекелерге орай қосымша әуе рейстері іске қосылады
istockphoto.com
191

Отандық әуе компаниялар жолаушылардың сұранысын қанағаттандыру үшін Наурыз айындағы мереке күндері әуе рейстерінің санын едәуір ұлғайтады.

Мәселен, 2025 жылғы 16-30 наурыз аралығында қосымша 120 әуе рейсі іске қосылады. Олардың қатарында:

  • «Air Astana» әуе компаниясы қосымша 55 рейс орындайды.

Iшкі бағыттар бойынша:

  • Астана – Алматы + 8 рейс;
  • Атырау – Астана + 6 рейс;
  • Атырау – Алматы + 3 рейс;
  • Алматы – Шымкент +2 рейс;
  • Алматы – Қызылорда + 2 рейс;
  • Алматы – Ақтау + 1 рейс;
  • Алматы – Ақтөбе + 1 рейс;
  • Алматы – Өскемен + 1 рейс;
  • Астана – Ақтөбе + 1 рейс;
  • Астана – Орал + 1 рейс;
  • Астана – Қостанай + 1 рейс;

Халықаралық бағыттар бойынша:

  • Алматы – Сеул + 4 рейс;
  • Алматы – Ыстанбұл + 4 рейс;
  • Астана – Ыстанбұл + 4 рейс;
  • Алматы – Мале + 4 рейс;
  • Алматы – Бейжің + 2 рейс;
  • Астана – Сеул + 2 рейс;
  • Алматы – Тбилиси + 1 рейс;
  • Астана – Пхукет + 1 рейс;
  • Астана – Фукуок + 1 рейс;
  • Алматы – Лондон + 1 рейс;
  • Алматы – Душанбе + 1 рейс;
  • Алматы – Баку + 1 рейс;
  • Алматы – Камрань + 1 рейс;
  • Алматы – Гуанчжоу + 1 рейс.

Сонымен қатар, биылғы жылдың 30 наурызынан бастап Алматы – Нячанг (аптасына 4 рейс), 31 наурыздан бастап Астана -  Нячанг (аптасына 3 рейс), 30 наурыздан бастап Алматы – Гуанчжоу (аптасына 3 рейс) бағыттарында әуе қатынасы ашылады. Ал 20 сәуірден бастап Алматы-Мумбай бағыты бойынша рейстер қайта ашылады (аптасына 3 рейс). Бұдан бөлек 28 мамырдан бастап Атырау – Тбилиси (аптасына 3 рейс), 1 маусымнан бастап Астана – Франкфурт (аптасына 3 рейс) жаңа әуе бағыттары ашылады.

- «FlyArystan» әуе компаниясы 33 рейсті іске қосады:

  • - Астана – Алматы + 11 рейс;
  • - Астана – Орал  +4 рейс;
  • - Алматы – Шымкент + 3 рейс;
  • - Алматы – Қарағанды +2 рейс;
  • - Алматы – Қызылорда +2 рейс;
  • - Астана – Шымкент +2 рейс;
  • - Астана – Түркістан +2 рейс;
  • - Алматы – Қостанай +1 рейс;
  • - Алматы – Семей + 1 рейс;
  • - Алматы – Павлодар +1 рейс;
  • - Алматы – Орал   +1 рейс;
  • - Астана – Қызылорда +1 рейс;
  • - Астана – Ақтау  +1 рейс;
  • - Астана – Өскемен  +1 рейс;

Сонымен қатар, биылғы жылдың 4 маусымынан бастап Қарағанды-Ыстанбұл бағыты бойынша рейстер ашылады (аптасына 2 рейс);

- «SCAT» әуе компаниясы 32 рейс қосады:

  • - Астана – Алматы + 16 рейс;
  • - Астана – Шымкент + 8 рейс;
  • - Алматы – Шымкент + 8 рейс;

Сондай – ақ, Шымкент – Каир (29 мамырдан бастап, аптасына 2 рейс), Шымкент – Сиань (28 мамырдан бастап, аптасына 2 рейс), Шымкент-Будапешт (27 мамырдан бастап, аптасына 2 рейс) бағыттары бойынша рейстер ашылады;

«Qazaq Air» әуекомпаниясы 1 мамырдан бастап Астана – Самарқанд бағыты бойынша рейстерді іске қосады (аптасына 2 рейс). Сондай-ақ, әуе компания Астана – Алматы, Астана – Шымкент, Астана – Түркістан ішкі бағыттары бойынша мереке алды және мереке күндері рейстер санын ұлғайту мәселесін қосымша пысықтауда.

Әуе билеттерін тасымалдаушылардың ресми сайттарынан сатып алуға болады.

Ішкі және халықаралық бағыттар бойынша билет құны өспейді, билет бағасы қалыпты деңгейде қала бермек. Әуе билеттерінің құны нарықтық факторларға байланысты өзгеруі мүмкін (билетті ұшу күніне тақап алу және т.б.).

Әуе компаниялары техникалық мүмкіндігіне орай мереке күндері рейстерді ұлғайту бойынша жұмысты әлі де жалғастырады.

Серіктес жаңалықтары