сәрсенбі, 2 сәуір, 2025

Абай облысында 45 елді мекенді су басу қаупі бар

/
Абай облысының әкімдігі
Қауіпті аймақта төрт мыңға жуық адам тұрады

Абай облысында көктемгі су тасқыны кезінде 45 елді мекенді су басу қаупі бар. Облыс әкімі Берік Уәли жағдайды бақылап, Аягөз өзенінің арнасын кеңейтуді ұсынды, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Мәліметке сәйкес, қауіпті аймақта төрт мыңға жуық адам тұрады. Әсіресе, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Көкпекті аудандарындағы 20 ауылда жағдай күрделі.

Берік Уәли Аягөз өзенінің су деңгейін тексеріп, былтырғы көктемде өзеннің арнасынан асып, бірнеше ауланы су басқанын еске салды. Осыған байланысты жағалауды бекіту жұмыстары жүргізілгенімен, жаңа әкім мәселені түбегейлі шешу үшін өзен арнасын кеңейту қажет деп санайды.

— Су тасқыны қаупі жоғары аймақтардың қатарындамыз. Сондықтан тасқынға дайындықты күшейту керек. Аягөз өзенінің арнасын кеңейту мәселесін қарастырып, тиісті ұсыныстар енгізіңіздер, — деді облыс әкімі.

Берік Уәли төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын үнемі бақылауда ұстауды тапсырды.

Бөлісу: