сейсенбі, 1 сәуір, 2025

Астанада құтқарушылар 3 жасар қызды пәтерден аман алып шықты

/
istockphoto.com
Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады

Астанада құтқарушылар үш жасар қызды құтқарып қалды. Оқиға Тұран даңғылындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған, деп хабарлайды ТЖМ.

Кішкентай қыз үйде жалғыз қалып қойған. Анасы дәлізге шығып кеткен кезде, есігі іштен жабылып, қайта кіре алмаған. Ол дереу құтқарушыларға хабарласып, көмек сұраған.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар арнайы альпинистік жабдық көмегімен 9-қабаттан 5-қабатқа арқанмен түсіп, пәтердің терезесінен ішке кірді.

Олар есікті іштен ашып, сәбиді аман-есен анасына тапсырды.

Бөлісу: