сейсенбі, 1 сәуір, 2025

Қазақстандық спортшы көркем жүзуден әлем кубогі кезеңінде алтын медаль жеңіп алды

/
ҰӨК
Отандасымыз еркін бағдарламада ең жоғары нәтиже көрсетті

Қазақстандық Виктор Друзин әртістік жүзуден Францияның Париж қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады.

Спортшы еркін бағдарламада ең жоғары нәтиже көрсетті. Друзин 127,2000 ұпай жинады.

Екінші орынға грек спортшысы Мариос Критсас (126,6701 ұпай) орналасса, қола медальді Стылянос Фускис (Грекия) жеңіп алды – 123,9413 ұпай.

Айта кетейік, бұған дейін Эдуард Ким техникалық бағдарламада күміс жүлдегер атанған еді.

Бөлісу: