сәрсенбі, 2 сәуір, 2025

Алматы – Бішкек тас жолында жаңа көліктер тиелген автовоз өртенді

/
Видеодан алынған кадр
Автовоздың үстінде шамамен 6 автокөлік болған

Алматы – Бішкек тас жолында жаңа көліктер тиелген автовоз өртенді. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады. Ақпаратқа сәйкес, өрт 1 наурыз күні болған.

Кадрлардан тас жолда автовоздың кабинасы отқа оранғанын байқауға болады. Жанында жүргізушілер көліктерді құтқаруға тырысқан, алайда кейбіреулері тек видеоға түсіріп тұрған.

Автовоздың үстінде шамамен 6 автокөлік болған.

Куәгерлердің айтуынша, өртенген автовоздан көліктердің көбін аман алып қалу мүмкін болған, алайда алдыңғы екі автокөлік түгелдей жанып кеткен.

Бөлісу: