Қазақстанда биыл екі әскери колледж ашылады

Колледждерде мотоатқыштар, танк, артиллерия және инженерлік бөлімшелер, байланыс әскерлері, қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану және жөндеу бөлімшелері үшін кәсіби сержанттар оқытылады.

Қазақстанда биыл екі әскери колледж ашылады
freepik.com
Автор
Админ
100

Жоғары білімді Алматы қаласындағы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтында, Ақтөбе қаласындағы Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері Әскери институтында және Алматы қаласындағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында алуға болады. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім - Астанадағы Ұлттық қорғаныс университетінде жыл сайын 1000-нан астам адамның біліктілігін арттыруды жүргізеді.

Техникалық және кәсіптік білім беруді Астана, Щучинск және Шымкенттегі үш әскери колледж ұсынады. Колледждерде мотоатқыштар, танк, артиллерия және инженерлік бөлімшелер, байланыс әскерлері, қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану және жөндеу бөлімшелері үшін кәсіби сержанттар оқытылады.

«Сонымен қатар Қорғаныс министрлігі «Жас ұлан» республикалық мектептерінің базасында тағы екі әскери колледж – Алматыдағы Бауыржан Момышұлы атындағы әскери-спорт колледжі мен Қарағандыдағы Талғат Бигелдинов атындағы әскери колледжін ашу бойынша жұмыс жүргізуде. Биыл аталған әскери колледждерге негізгі орта білім беру базасында алғашқы қабылдау өткізіледі»,-деді ҚР ҚМ Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы полковник Мұрат Олжабаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Болашақ әскери қызметшілер дене шынықтыру және спорт жөніндегі нұсқаушы, барлау, десанттық-шабуыл бөлімшелерін басқару, зымыран әскерлері мен артиллерия бөлімшелерін басқару, заттай қамтамасыз ету және азық-түлікпен қамтамасыз ету сияқты мамандықтар бойынша даярланады.

Серіктес жаңалықтары