Азия чемпионаты: Қазақстан әйелдер құрамасы су добынан екінші жеңіске жетті

Қазақстандық су добы шеберлері Гонконг құрамасын жеңді.

Азия чемпионаты: Қазақстан әйелдер құрамасы су добынан екінші жеңіске жетті
olympic.kz
Автор
Админ
101

Чжаоцинде су добынан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстанның әйелдер құрамасы турнирдегі екінші жеңісіне қол жеткізді,деп хабарлайды turkystan.kz.

Екінші ойында қазақстандық су добы шеберлері Гонконг құрамасын сенімді түрде жеңді. Кездесу 25:6 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, алғашқы матчта да отандастарымыз Сингапурды ірі есеппен ұтқан болатын.

Жалпы, Азия чемпионатына алты команда қатысып, айналмалы жүйе бойынша өзара ойын өткізуде.

Серіктес жаңалықтары